
Бүгін, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Е.Баеділовтың төрағалығымен "Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңды түсіндіру шеңберінде семинар-кездесу өтті.
Іс-шара құқықтық сектор мамандары үшін, атап айтқанда заңгерлер, оның ішінде заң палаталарының өкілдері, қаржы басқарушылары, сот әкімшілері, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, сот банкроттығы рәсімін жүзеге асыру жүктелген аудиторлар, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің өкілдері үшін өзекті болды.
Кездесуде семинар модераторы - берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы А.Т. Будугуловтың баяндамасы тыңдалды, онда Алматы қаласында өткізілетін оңалту және банкроттық рәсімдері бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары мен мерзімдері, сондай-ақ банкроттық бойынша статистикалық деректер және банкроттық процестерін аяқтаудың оң динамикасының мүмкіндіктері көрсетілді.
Семинардың мақсаты жеке тұлғалардың-берешектерді оңалту және банкроттық процесіне тікелей тартылған фемида өкілдерін банкроттық процесімен таныстыру және дайындау болды.
Семинарда ситуациялық сәттерге арналған практикалық кеңестер берілді, сондай-ақ банкроттық процесінің барлық аспектілері ашылды. Кездесу жан - жақты талқылауларда өтті және құқықтық қызмет өкілдерінен осындай іс-шаралардың қажеттілігі туралы оң жауап алды.