«Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен республикалық маңызы бар қалалардағы аудандық әкімдіктердің функцияларымен толықтыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 55-бабының 5-тармағына түзетулер енгізілді.
Осыған байланысты, бұйрық жобасында жаңа бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды ашу бойынша шығыстардың функционалдық сыныптамасына өзгерістер енгізілді.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 3 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылған.