
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д. Кеңбеил Жаһандық жасыл өсу институтының (GGGI) Бас директоры Франк Райсберманмен кездесті.
Кездесу барысында GGGI-мен тұрақты даму және климаттық қаржыландыруды жұмылдыру бойынша ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарының мәселелері талқыланды.
Ф. Райсберман «Жасыл экономика», климаттың өзгеруі, қалдықтарды басқару сияқты салаларда GGGI-дің инновациялық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі жолдарын белгілеп, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту және жасыл облигациялар шығару, сондай-ақ тұрақты (жасыл) сатып алуды енгізу бойынша сарапшылық консультациялар өткізуге келісті.