
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында кедергілердің туындауына жол бермеу, сондай-ақ алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқарту қажеттілігін негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуетті өнім берушілеріне және Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушілеріне Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру үшін әзірленген.
Бұйрықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 14 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14407726) мерзімі 2023 жылғы 28 ақпан.