Өткізілген семинар кеңес бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өткізілген семинар кеңес бойынша  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылдың 10 ақпанында ҚР сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - СЖА) орталық аппаратты мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне ұйымдастырған семинар кеңеске ҚР Қаржы министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында ҚР қаржы министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік аудит туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына дейін дауларды басымдықпен реттеуді мемлекеттік аудит қорытындыларына шағымдану тетігін әзірлеу жаңа механизмі туралы түсіндірмелер берді.

Бұдан басқа, ҚР ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен СЖА арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өтініші бойынша жеке аудиторларды тарту тәжірибесі бойынша мәселелер тарқыланды.