Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып 1979 жылы дүниеге келген, Атырау облысының тумасы Мәулен Мутиев тағайындалды.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі 22 жылдан асады, оның ішінде 19 жыл мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде қызмет істеген.

2017-2019 жылдары – Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары лауазымында болды.

2019 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Сәйкестік аудит басқармасының басшысы қызметін атқарды.