2022 жылғы 24 желтоқсанда Премьер-Министр Ә. Смайыловтың төрағалығымен жобаны іске асыруға қатысты жиын өтіп, оның қорытындысы бойынша арнайы экономикалық аймақ мәртебесін беру жөніндегі шараларды қабылдау мерзімдерін кезең-кезеңімен айқындау бөлігінде Жол картасын жаңарту, сондай-ақ, Алматы қаласының спутник қалаларының бас жоспарларын түзету арқылы оның Тұжырымдамасына сәйкес жобаның бас жоспарын бекіту туралы тапсырма берілді.
Қазіргі уақытта Gate City спутник-қаласының аумағында магистральдық инженерлік желілер тартылып, «Қоянқұс» тұрғын алабының құрылысы басталды және Алматы агломерациясының дамуын реттейтін 4 қала құрылысы құжаты әзірленіп, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған тұжырымдамаға сәйкес, жоба ұзақ мерзімді перспективада «Алматы – Қонаев» тас жолының бойында орналасқан интеграцияланған қала ретінде дамиды және төрт ауданнан тұрады: Gate – іскерлік және қаржы орталығы, Golden – білім беру және медициналық хабтар, Growing – индустриялық және логистикалық хабтар, Green - туризм және ойын-сауық орталығы.