«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
баспасөз релизі
Жоба «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153 Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді.
Осыған орай, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының құрылуы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты болып ауысуы, елорданың Астана қаласына ауысуы бөлігінде өзгерістер енгізілді, сондай-ақ «тарифі бойынша» деген сөздерді Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 7-тармағының терминологиясымен сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 2 ақпанда орналастырылған.