
Қаржы министрлігі «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңды іске асыруда бағалау қызметі саласындағы реттеуші құралдарды қайта қарау тәртібімен реттеушілік әсерге (бұдан әрі – РӘТ) талдау жүргізілді.
Осы РӘТ-ке Қаржы министрлігінің барлық қажетті рәсімдерді сақтауы туралы Ұлттық экономика министрлігінің оң қорытындысы алынды.
Осылайша, өзін-өзі реттеу бағалау қызметі саласындағы реттеу әдісі ретінде жүйелік проблемалары жоқ.
2023 жылғы 10 қаңтарда РӘТ нәтижелерін Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері қарастырып, қолдады.
Осыған байланысты, РӘТ ұсыныстарын егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін бағалау қоғамдастығымен бірлесіп бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті түзетулер қабылданатын болады.