Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Societe Generale Банкінің Орталық Азия және Закавказье бойынша Өңірлік басшысы– Тейба Гулиевамен кездесу өткізді

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Societe Generale Банкінің Орталық Азия және Закавказье бойынша Өңірлік басшысы– Тейба Гулиевамен кездесу өткізді

Кездесу барысында тараптар халықаралық капитал нарықтарындағы ағымдағы ахуалды, сондай-ақ Қаржы министрлігінің халықаралық алаңдарда болу жөніндегі алдағы жоспарларын талқылады.

Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның халықаралық инвесторлар үшін ашықтығы және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі GBI EM дамушы елдердің жергілікті облигацияларының жаһандық индексіне мемлекеттік бағалы қағаздарды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар, оның ішінде алдын ала байқау үшін «радарға» мемлекеттік бағалы қағаздарды енгізу, сондай-ақ қазақстандық қор нарығына Euroclear халықаралық депозитарийін енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Жаһандық және жергілікті нарықтардағы ағымдағы үрдістер, Societe Generale банкінің Қазақстанда белсенді болу жөніндегі қолда бар жоспарлары туралы Тейба Гулиева ханым айтып, сондай-ақ одан әрі өзара ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екендігін жеткізді.

Кездесу соңында Е. Жамаубаев Тэйба Гулиева ханымға кездесу үшін алғысын білдіріп, жемісті жұмыс жүргізуге ниет білдірді.