Хаттаманы ратификациялау туралы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы

Хаттаманы ратификациялау туралы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы

 

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің назарларыңызға «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарауға енгізілді.

Қырғыз Республикасы екі жыл ішінде (12.08.2015ж. - 12.08.2017ж. аралығында, 12.08.2019ж. дейін ұзартты) үшінші елдермен шекарадан өткізу пункттерін жайластыруды және материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін алды.

Мерзімдерді ұзарту бойынша Қырғыз тарапы бастама жасады.

Өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтау үшін оларға қосымша уақыт қажет болып тұр.

Мемлекеттердің басшылары Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының шеңберінде (4.05.2018 ж. Сочи қаласы) «24 айдан» «48 айға», яғни 2019 жылдың 12 тамызына дейін өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

        Дегенмен, бұл мерзімде де Қырғыз тарапы үлгерген жоқ.

        Осыған орай 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттердің басшылары Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының шеңберінде «48 айдан» «72 айға», яғни 2021 жылдың 12 тамызына дейін өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Алайда бұл жақын арада Сіздердің қарауларыңызға  енгізілетін басқа Хаттаманың нысанасы болады.

Хаттаманы ратификациялау Қазақстан тарапы үшін ешқандай салдарларға әкеп соқтырмайды және өзгеріс енгізу заңды сипатқа ие.

Сіздерден осы Хаттаманы ратификациялау бойынша оң шешім қабылдауларыңызды сұраймыз.

 

Назарларыңызға рақмет!