
Халықаралық инвесторлар тарапынан кездесулерге BlackRock, PIMCO, Goldman Sachs, JP Morgan Investment Management, Wellington Management, Amundi, HSBC және басқа да ірі инвестициялық қорлар қатысты.
JP Morgan банкінің басшылығымен кездесулер барысында тараптар дамушы елдердің GBI EM жергілікті облигацияларының ең танымал және инвесторлар мойындайтын жаһандық индекстерінің біріне мемлекеттік бағалы қағаздарды енгізу жоспарларын талқылады.
Д. Кенбейіл мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы, оның ішінде жаңа құралдарды енгізу, теңгемен мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық эталондық шығарылымдарын жасау және мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығының өтімділігін арттыру туралы айтты.
Вице-министр мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу жөніндегі дәйекті жұмыс ішкі нарыққа шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуға, инвесторлық базаны әртараптандыруға және Қаржы министрлігі үшін қарыз алу құнын төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.
Сондай - ақ, аталған сапар аясында делегация жергілікті-мемлекеттік-бағалы қағаздарға инвестиция салатын халықаралық инвесторлармен кездесулер өткізді.
Инвесторларға ағымдағы инвестициялық мүмкіндіктер, жергілікті инфрақұрылым мәліметтерін жаңарту, ішкі қаржы нарығын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарлар, макроэкономикалық параметрлер және салық-бюджет саясаты, сондай-ақ жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар туралы Қазақстан бойынша макро шолу ұсынылды.