Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы жұмысының қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы жұмысының қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы жұмысының қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына Парламент депутаттары, қоғам және бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев қызметтің негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттер бойынша ведомство жұмысының 2022 жылғы қорытындылары туралы баяндады.

Есепті кезеңде мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы туралы Р.Жүрсінов сөз сөйледі, сондай-ақ Қаржы вице-министрлерінің баяндамалары тыңдалды.

Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне алдағы кезеңге бірқатар басым міндеттер қойды.

Премьер-Министр өз сөзінде «көлеңкелі» экономиканы төмендету бойынша кешенді шаралар қабылдауды,  салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оны цифрландыру арқылы бюджеттің өз кірістерін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар жаңа Салық және Бюджет кодекстерін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңды сапалы дайындау қажеттілігін атап өтті. Әлемдік озық тәжірибені, қоғам мен бизнестің пікірін ескеру тапсырылды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қаржының кейбір көрсеткіштері бойынша негізгі жетістіктерге тоқталды. 309 млрд. теңгеге кірістер жөніндегі жоспардың асыра орындалуын, 2021 жылмен салыстырғанда Республикалық бюджеттің өз кірістерінің 42%-ке рекордтық өсуін, сондай-ақ соңғы 3 жылда «көлеңкелі» экономиканың төмендеуінен бюджетке қосымша 2 трлн. теңгеден астам түсімдер болғанын атап айтты.