Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д. Темірбеков Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д. Темірбеков Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д. Темірбеков Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қ.Мырзахметов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г. Суентаева және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық органдарының басшылары қатысты.


Ірі ұлттық компанияларды жекешелендіру мен IPO-ға шығару арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттері туралы және жалпы республика бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын ағымдағы орындау жөніндегі міндеттер басты назарда болды.


Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Қаржы вице-министрі Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жекешелендірілген "Ақтөбе теміржол ауруханасы" ЖШС-де болды.
Кездесу барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, азаматтарды жеке қабылдау және "Бірыңғай теңгерім ұстаушы" жобасын талқылау бойынша Министрліктің аумақтық органдарының басшыларымен кеңес өткізілді.