«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы  № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын,   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді.

Заңның 1-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – ҚР БК):

- республикалық бюджет комиссиясының құзыретіне Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарауды (ҚР БК 58-бабы) енгізу;

- республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлуді алып тастау (ҚР БК 79-бабы) бөлігінде өзгеріс енгізу көзделеді.

Осыған байланысты, ҚР БК нормаларына сәйкес келтіру мақсатында Жобада Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:

4-тармақта 8-1) жаңа тармақша енгізілді «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарау»;»;

5-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацы «республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу;» алып тасталды.

Бұдан басқа, Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты қайта құру көзделген.

Осыған байланысты, Жарлыққа сәйкес келтіру, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қаржы министрін айқындау мақсатында Республикалық бюджет комиссиясының құрамына және Ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Үкімет Аппаратының Басшысы, төрағаның орынбасары» деген жолдармен толықтыру;

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы» деген жолын алып тастау;

15-тармақтың 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазылу:

«1) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен қоса Комиссия шешімдерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;».

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 17  қаңтарда орналастырылды.

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14385486