«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның тұжырымдамасы мен негізгі тәсілдерінің талқылануы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның тұжырымдамасы мен негізгі тәсілдерінің талқылануы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржы министрлігімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңды әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Бүгін осы жұмыс аясында қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновпен және ҰКП өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның тұжырымдамасы мен негізгі тәсілдері, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтың ұсыныстары. талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заң жобасын әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.