
2023 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі халық арасында жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын тікелей эфир, өңірлік коммуникациялар қызметі бойынша брифингтер, сұхбаттар, семинарлар, республикалық және жергілікті телеарналарда бейнероликтер көрсету, сауда үйлерінде, базарларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және халық көп жиналатын басқа жерлерде парақшалар тарату форматында жүргізуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.