«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрі
бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
баспасөз релизі
Жоба «Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) іске асыру үшін әзірленді.
Заң жобасымен ҚР Бюджет кодексінің 41-бабы 4-1-тармағының 14) тармақшасына «стратегиялық, экономикалық мемлекеттік жоспарлау мен дамуды қоса алғанда, тұрақты экономикалық даму саласында» деген сөздермен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес қажет болғанда нормативтік құқықтық актілерде жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып, осындай актілерден жекелеген құқық нормалары жазып келтірілуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементтерінде оның басқа құрылымдық элементтеріне сілтеме жасауға құқық нормаларының өзара байланысын көрсету не қайталауды болғызбау қажет болатын жағдайларда ғана жол беріледі.
Осыған орай, қайталауды болғызбау үшін Бюджет кодексінің 41-бабының 4-1-тармағына сілтеме жасау ұсынылады.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 20 желтоқсанда орналастырылған.