
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1286 «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы қабылданды.
Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-3-бабына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің түсімін көрсету бөлігінде келтіру мақсатында әзірленді.
Бұдан баска, бұйрық кедендік әкелу баждары, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша дебиторлық берешекті көрсету тәртібін нақтылауды көздейді.