«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік
есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылдың 28 желтоқсанда орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі –
2023 жылдың 13 қаңтарына дейін.