Қаржы министрлігі салықтарды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу бойынша "Төленген сомалар" API сервисін жариялады

								 Қаржы министрлігі салықтарды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу бойынша "Төленген сомалар" API сервисін жариялады

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында сыртқы ақпараттық жүйелерді "Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар" "ОБЖШ"АЖ ақпараттық жүйесіне тікелей қосуға мүмкіндік беретін салық төлеушінің дербес шотында төленген сомалар туралы ақпарат беру бойынша API сервис жарияланды»

 

"ОБЖШ"АЖ-салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есебі жүргізілетін жүйе.

API сервис әзірлеушілер мен IT-компанияларға өзекті және шынайы мәліметтер негізінде азаматтар үшін жаңа пайдалы қосымшалар жасауға мүмкіндік береді. Төленген сомалар бойынша мәліметтерді жөнелтілген төлемдердің жай-күйі туралы мәліметтерді алуға көмектесетін сервистерді әзірлеу үшін, сондай-ақ контрагенттерді ұқыптылыққа неғұрлым дәл тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін талдамалық сервистер үшін пайдалануға болады.

Мысалы, "Smart city" интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде "Астананы тұрақты дамыту орталығы" ЖШС салық берешегі бойынша API сервисті орналастырғаннан кейін салық берешегі бойынша ақпарат беру бойынша сервис әзірледі.

Сервисті қосу үшін сыртқы ақпараттық жүйені әзірлеушілер ҚР ҚМ МКК-нен белгіні алуы тиіс. Белгі жүйе пайдаланушыларын аутентификациялау үшін қолданылады. Төленген сомалар туралы ақпарат салық төлеушінің ЖСН/БСН, Мемлекеттік кірістер органының коды және бюджеттік сыныптама коды бойынша алынуы мүмкін.

ҚР ҚМ МКК сайтының "Барлық сервистер" бөлімінде әзірлеушінің жиынтығы қол жетімді:

• "Салық төлеушінің дербес шотында төленген сомалар туралы ақпарат беру бойынша Сервис" API бойынша құжаттама»;

• XML форматында "Салық төлеушінің дербес шотында төленген сомалар туралы ақпарат беру бойынша Сервис" API бойынша сұрау салу үлгісі;

• XSD форматындағы өзара іс-қимыл пішімдері;

• SoapUI үшін "Салық төлеушінің дербес шотында төленген сомалар туралы ақпарат беру бойынша Сервис" API жобасы.

Сонымен қатар, жақын арада "Алдағы төлемдер"API сервисін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ электрондық үкіметтің сыртқы шлюзінің (ЭҮӨШ) базасында салық есептілігін қабылдау бойынша сервис орналастырылады, оның көмегімен салық төлеушілер салық есептілігі нысанын тапсыра алады.

Бүгінгі күні ІТ-нарығының ұсынымдары мен сұраныстары негізінде Open API сервистерін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілетін қажетті деректер тізімі жасалды, оның ішінде: "Алкоголь өнімінің акциздік маркалары туралы мәліметтер", "Заңды мекенжай бойынша банкрот/ әрекетсіз/ жоқ деп танылған салық төлеушілер бойынша ақпарат", "Тіркелген жеке кәсіпорындар тізбесі" және басқалар.

Сервиске кіру үшін сілтеме бойынша өтуге болады: http://kgd.gov.kz/ru/content/api-servis-po-predostavleniyu-informacii-ob-uplachennyh-summah-na-licevom-schete.

Анықтама үшін:

"Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шот" ақпараттық жүйесі (ОБЖШ) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің жеке шоттарын орталықтандырылған жүргізуге, жеке шотты жүргізумен тікелей байланысты бизнес-процестерді автоматтандыруға және осы процестер шеңберінде электрондық үкіметтің басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172) 75-03-75, 75-03-42 minfingovkz@gmail.com