
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Кеңбейіл Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.
Вице-министр жұмыс сапары аясында қала әкімдігі ғимаратында қала тұрғындарымен, сонымен қатар бірқатар ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді.
Жиын барысында вице-министр Д.Кеңбейіл Мемлекеттік сатып алу ережесіне түзетулерді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» әзірленіп жатқан жаңа Заң жобасын қарастырып, талқылады.
Кездесуден соң вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Жеке қабылдауда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты көтерілген мәселелерге толыққанды жауаптар беріліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар, вице-министр Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға барды.
Атап айтқанда, «Аzala cotton», «АГФ групп», «Бал текстиль, «QAZALPACK» және «ЕВРО Кристалл» ЖШС-і кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысмен танысты.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Шымкент сити» ауданындағы Конгресс-холл құрылысының барысымен және «Әкімшілік-іскерлік орталығындағы» 4 автокөлікке арналған қосымша ғимарат пен өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.
Кездесу соңында вице-министр баспасөз конференциясына қатысты және қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.