
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Түркістан облысының тұрғындарымен және бизнес субъектілерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты.
Өз баяндамасында Е.Мыңжасаров мемлекеттік органдардың қаржылық тәртібі және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің рөлі, сондай-ақ 11 айдағы қол жеткізілген көрсеткіштер, қолданыстағы шаралар және алдағы кезеңге жоспарланған жоспарлар туралы айтып берді.
Мәселен, ағымдағы жылдың 11 айында 2151 тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар анықталып, бюджетке өтелді.
8761 аудит материалдары бойынша “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодекске сәйкес әкімшілік істер қозғалды, олар бойынша 1886 адам жауапқа тартылды, 186 іс туралы материал құқық қорғау органдарына жолданды және соманың 92% -і бюджетке қайтарылды.
Жыл басынан бері әртүрлі салалардан барлығы 37 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның ішінде шамамен 22 734 қанағаттандырылды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары А. Сәбитов халықпен кездесуде облыстың ағымдағы жылғы қол жеткізілген көрсеткіштері туралы баяндама жасады.