«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабы 4-тармағы және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылдың 21 желтоқсанда орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі –
2023 жылдың 06 қантарына дейін.