
Отырыс барысында еліміздің ағымдағы макроэкономикалық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ фискалдық тәртіп пен жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу мәселелері талқыланды.
Шара нәтижесінде тараптар қаржы-бюджет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды сапалы жүзеге асыруға ықпал ететін консультациялар өткізуге келісті.