ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды

Бүгін тағайындау туралы бұйрыққа Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

 

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (экономист және қаржыгер, 2000); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (бакалавр-заңгер, 2004); Мәскеу қ., М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ("Master of Business Administration" іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017).

Мемлекеттік қызметте тәжірибесі (24 жыл), оның ішінде басшылық лауазымдарда 15 жыл:

-        1995 жылдан 2005 жылға дейін-Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

-        2005-2006 жылдары-Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

-        2006-2008 жылдары-Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

-        2008-2010 жылдары-Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

-        2010-2012 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:

-        2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

-        2014 жылдан 2016 жылға дейін-Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

-        2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды (экономика және қаржы бойынша).

 

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

Төс белгілер: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172) 75-03-75, 75-03-42

minfnigovkz@gmail.com