Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және Банкроттық туралы» заң жобасы бойынша сөз сөйледі

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және Банкроттық туралы» заң жобасы бойынша сөз сөйледі

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және Банкроттық туралы» заң жобасы бойынша сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі қолданылатынын атап өтті: соттан тыс, сот және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Атап айтқанда, соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымы және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. 4,9 млн. теңгеден астам борыштар және қарыздың қалған түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығын қолдана алады, оның барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылуға жатады. Үшінші рәсім сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді.
Негізгі Заң жобасынан басқа, 4 кодекске және 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасын, сондай-ақ «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері бойынша “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарау ұсынылады.
Сондай-ақ, «2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты Қырғыз Республикасының қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы ұсынылды.
Осы Хаттаманы ратификациялау еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.