2021 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік салық төлеушілер" мен "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" марапатталды

2021 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік салық төлеушілер" мен "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" марапатталды

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 18 номинация бойынша "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын" марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік билік органдарының  кәсіпкерлік субъектілерімен әріптестік қатынастарды қолдау болып табылады.

Сонымен қатар, экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін, бизнесті адал және ашық жүргізіп отырғанына мақтау айту, Қазақстанның экономикалық өсуінде кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығын атап өту.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!