
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап егер өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны үшін немесе Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген жағдайда, өнім беруші келісу комиссиясына жүгінген кезде дауларды реттеу мүмкін болады.
Осы өтінішке сәйкес Тапсырыс беруші келісу комиссиясын құрады, содан кейін келісу комиссиясы өнім беруші қабылдаған міндеттемені орындамау мән-жайларын қарайды және мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, келісу комиссиясының құрамында Қазақстан кәсіпкерлер палатасының өкілі міндетті түрде қатысуы тиіс екенін атап өткен жөн.
Егер келісу комиссиясы өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, Тапсырыс беруші Келісу комиссиясының үлгілік ережесімен және жұмыс қағидаларымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №176 бұйрығына сәйкес хаттама қалыптастырады. Бұл бұйрық мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған және барлық пайдаланушыларға қолжетімді.
Өз кезегінде уәкілетті орган Келісу комиссиясы шешімінің қорытындылары негізінде өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдайды.
Өнім берушінің келісу комиссиясына жүгінуінен бастап және жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығарылғанға дейінгі барлық рәсім Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Егер келісу комиссиясы өнім берушіге оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, өнім берушінің уәкілетті органның шешіміне сотқа шағымдануына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 15 қарашасына дейін 152 өнім беруші келісу комиссияларының шешімдері негізінде Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінен шығарылды.
Осы процедураның арқасында сот процестерінің саны азайды, сонымен қатар өнім берушінің Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімінде болу мерзімінің қысқаруы арқылы өнім берушілерге де өз пайдасын тигізуде.