««Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

««Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

««Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрі орынбасары - Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 1-1-бабына сәйкес әзірленген.

Қағидалардың 2-тармағында пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару 2021 жылғы үшінші тоқсаннан бастап 2023 жылғы төртінші тоқсанға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған сомалар бойынша жүзеге асырылады.

Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацымен ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің 3(үш) кезеңнен 2 (екі) кезеңіне дейін әрбір тоқсанда кемінде бір рет жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды тұрақты өткізуді айқындау мерзімі қысқартылады.

Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігіне экспорттаушы және/немесе оның жеткізушісі/бірінші және одан кейінгі деңгейлердің жеткізушілері астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаның қатысушылары болған кезеңді айқындау бөлігінде нақтылаушы түзету енгізіледі.

7-тармақтың үшінші бөлігіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі нысанының нөмірін және оның атауын көрсету бөлігінде нақтылаушы түзету енгізіледі.

Қағидалардың 8, 10, 12 және 17-тармақтарына редакциялық түзетулер, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын түзетулер енгізіледі.

Қағидалардың 16-тармақтарға «Қосылған құн салығының асып кету сомаларының және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16426 болып тіркелген) күшініны жойылдуына байланысты редакциялық түзету енгізіледі.

Қағидалардың 34-тармағының бірінші бөлігіне талап қою мерзімдеріне қатысты нақтылаушы анықтама енгізіледі.

Көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 5-қосымшаларға тиісті түзетулер енгізіледі.      Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 21 қараша 2022 жылғы 5 желтоқсанға дейін оралығында жария талқылау үшін орналастырылған.