АҢДАТПА! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2021 жылдың қорытындысы негізінде 18 номинация бойынша "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілетінін хабарлайды.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2021 жылдың қорытындысы негізінде 18 номинация бойынша "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты - экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін атап өту, бизнесті адал және ашық жүргізіп отырған кәсіпкерлерді танымал ету, Қазақстанның экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін олардың қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.
Іс-шараның соңында баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.
Марапаттау рәсімі 2022 жылғы 14 желтоқсан, сағат 11:00-де, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 3-қабатта (мәжіліс залы) өткізіледі.
БАҚ өкілдерін тіркеу және қосымша ақпарат алу үшін 13 желтоқсан күні сағат 15:00-ге дейін көрсетілген телефон арқылы хабарласуды өтінеміз: 8 700 -208-09-96 Қымбат.