Қаржы министрлігі Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі, онда тапсырыс берушілердің төлем сертификаттарының негізінде құрылыс шарттары бойынша аванстық төлемдерді төлеу кезінде қазынашылық сүйемелдеу жөніндегі нормалар көзделеді.
Осы Жоба 2022 жылғы 7 желтоқсанда ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталына http://legalacts.egov.kz орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі - 2022 жылғы 22 желтоқсанға дейін.