Жоба «Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) іске асыру үшін әзірленді.
Заң жобасымен ҚР Бюджет кодексінің 41-бабы 4-1-тармағының 14) тармақшасына «стратегиялық, экономикалық мемлекеттік жоспарлау мен дамуды қоса алғанда, тұрақты экономикалық даму саласында» деген сөздермен толықтырулар енгізілді.
Осыған орай, мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына 1-1-тармағының 14) тармақшасына толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 25 қарашада орналастырылған.