«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 – бабына сәйкес әзірленді.
Қысқартылған іс жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес бұйрық жобасын жоғарыда көрсетілген баптың екінші бөлігімен және үшінші бөлігімен толықтыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, мемлекеттік тілдегі түбіртекте төлеудің белгілі бір мерзімін белгілейтін жолда «мерзімі» және «дейін» деген сөздер қалып қойған, осыған байланысты бұл жол сәйкес келтірілді.
Бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 23 қарашада (http://legalacts.egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін.