
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 30 жыл толуына орай қаржы ардагерлері мен Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері 15 түп шырша отырғызды.
Қаржы ардагерлерінің ұсынысымен «Қаржыгерлер аллеясы» атауы берілді. Осылайша, Көкшетау қаласының бұдан да көрікті қалаға айналуына өз үлестерін қосты. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.