Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–
Қаржы министрінің «Кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»
бұйрығының жобасына
(бұдан әрі-жоба)
баспасөз релизі
Жоба «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №5 Жарлығына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы болып қайта аталуына орай (2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді) әзірленді.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №404 бұйрығына бюджеттік процестің атқарылуын қамтамасыз ету үшін кодтары өзгертілмей 2022 жылы ол орындайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшісінің атауын өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылдың 1 желтоқсанда.