
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.
Е. Жамаубаев өз сөзінде жоспарға 675 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор кіретінін атап өтті. Оның ішінде 141 млрд.теңгеден астам сомаға 253 объект бәсекелестік ортаға берілді, қайта ұйымдастыруға және таратуға 60, 146 объект сауда-саттыққа және 216 объект сату алдындағы дайындықа жіберілді.
Кешенді жоспарды уақтылы және тиісінше орындау мақсатында әрбір объект бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ашық қолжетімділікте сатуға ұсыну жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері анықталған жол карталары орналастырылған.
Ерұлан Жамаубаев Жол картасы іс - шараларының орындалуы бойынша Министрлік тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.
Сөз соңында ол «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын IPO арқылы «Қазақстан қор биржасы» Акционерлік қоғам және «Астана» халықаралық қаржы орталығының» биржасы қазақстандық алаңдарында орналастыру процесі туралы айтып берді.