Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде  «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»  бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»  бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметін тексеруді жоспарлау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру мақсатында әзірленді.

         Осы жобамен келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі:

  1. «Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 291 бұйрығы.
  2. «Кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы.

         Бұйрықтың жобасы:

         – берілген сертификаттар туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі-депозитарий) арқылы ұсыну.

         -е-minfin порталын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің тетігі әзірленген депозитарийге өзгерту бөлігінде.

         Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

         Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz) - 2022 жылғы 28 қараша.

         Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі-2022 жылғы 12 желтоқсанға дейін.