

Ішкі бақылау мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысында қатысушылар COSO компонеттерін, сондай-ақ оларды мемлекеттік секторда пайдалану мүмкіндіктері, COSO қағидаттары және «үш қорғаныс жолы» модельдері арасындағы өзара байланысты айқындау қарастырылып, сондай-ақ бақылау іс-шараларын жүргізу үшін озық тәжірибелер мен практикалық құралдар талқыланды.
Тәжірибе жүзіндегі аудит бойынша жұмыс тобының қызметі шеңберінде қатысушылармен Аудиторлық тапсырманы жоспарлау бойынша нұсқаулықтың соңғы редакциясы қаралды, Солтүстік Македонияның ішкі аудит жүргізу тәжірибесімен таныстырылды және ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру жөніндегі одан әрі ұсыныстар талқыланды.