
2022 жылғы 25 қарашада сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.О.Темірбековтың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшеновтың қатысуымен Алматы қаласының тұрғындарымен 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі 28, 3 қабат, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» ғимаратының кіші залы.
Барлық қызықтыратын сұрақтарды келесі электрондық поштаға жіберуге болады: d.dgip_almaty@minfin.gov.kz
Байланыс орталығы: 222-10-60, 222-10-64, ұялы тел: 8-701-786-75-48.