«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрі  бұйрығының жобасына баспасөз релизі

                                               

«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

 

Жоба «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар) және кемінде 200 төсектік перинаталдық орталықтар мен перзентханалар құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2022 жылғы 16 тамыздағы Хаттамалық тапсырмасының 3 тармағын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің 2022 жылғы 17 қазандағы Хаттамалық тапсырмасының 7.1 тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Осыған орай, нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар) және кемінде 200 төсектік перинаталдық орталықтар мен перзентханалар құрылысына арналған шығыстарды қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 24 қарашада орналастырылған.