Үкіметте бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

Үкіметте бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында кәсіпкерлік саласында «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу, бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру, «Атамекен» ҰКП трансформациялау мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру, саладағы тәуекелдер матрицасын және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлеу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылған бірқатар бизнес мәселесі де талқыланды.

Кеңес соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.