Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ағымдағы қызметі туралы кезекті аппараттық кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ағымдағы қызметі туралы кезекті аппараттық кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Т.А. Жақанның, Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылық құрамының қатысуымен Қаржы министрлігінің ағымдағы қызметі туралы кезекті аппараттық кеңес өткізді.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Е.К. Жамаубаев мүдделі құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді.