
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп бойынша үәкілі лауазымына Туяков Бауыржан тағайындалды. Осыған дейін ҚР Қаржы министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов 1985 жылы дүниеге келген. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2008) және «Мемлекеттік саясат магистрі» біліктілігі бойынша Болашақ бағдарламасының түлегі (Ұлыбритания, 2018 жыл).
Бауыржан Орынбайұлы еңбек жолын 2008 жылы Маңғыстау облысының Өңірлік жастар саясаты орталығында бастады.
2009 жылғы қыркүйек - 2010 жылғы қараша аралығында – Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2010 жылғы қараша - 2012 жылғы қараша аралығында – Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының Жастармен жұмыс және қоғамдық-саяси бірлестіктер бөлімінің басшысы;
2012 жылғы қараша - 2019 жылғы тамыз аралығында – Маңғыстау облысының Жастар саясаты басқармасының басшысы;
2019 жылғы қыркүйек - 2021 жылғы мамыр аралығында – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары;
2021 жылғы маусым - 2022 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастары департаментінде бас сарапшы қызметін атқарды.