
Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысының жаңа салық саясатының бағдарламасын қолдау мақсатында Салық форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Налоги Казахстана» қауымдастығы.
Шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтың, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Форумның «Салықтық әкімшілендіру» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысып, салықтық әкімшілендіруді жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Форум барысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшылары бизнес-қауымдастық өкілдеріне салық салу сұрақтары бойынша кеңес берді.