Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бас бухгалтерлері үшін семинар

Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бас бухгалтерлері үшін семинар

2022 жылғы 17-18 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды дамыту мақсатында «Жаңа Қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – ҚСҚЕХС) туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Оқыту семинарына орталық мемлекеттік органдардан 38 бухгалтер және жергілікті атқарушы органдардан 52 бухгалтер қатысты.

Семинарда үш жаңа ҚСҚЕХС мәні ашып берілді, бухгалтерлік есепте осы стандарттарды қолдану бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу кезінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды.