«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

     «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

     Жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер енгізілді.

     Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 9 қарашада орналастырылды.