Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты экономикалық қатынастарды дамыту, сауда айналымын ұлғайту мәселелері талқыланып, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру бойынша пікір алмасты.
Елші Ямада 2022 жылдың желтоқсан айының басында Токио қаласында жоспарланған Еуропалық қайта құру және даму банкінің Жапония Үкіметімен бірлесіп Орталық Азия инвестициялық форумын ұйымдастыруы мен өткізуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді
Өз кезегінде Ерұлан Жамаубаев жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етіп, қазақстандық тараптың осы инвестициялық форумға қатысқанын растады.
Ерұлан Жамаубаев сондай-ақ Қазақстан Жапониямен қарым-қатынастың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа сенімді екенін атап өтті.