
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.
Е. Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 179 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар – 89 млрд. теңгеге, салықтық емес кірістер - 90 млрд. теңгеге асыра орындалғанын жеткізді. Атап айтқанда, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына тиесілі.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 108,5%-ке орындалды және 4 трлн. теңгеден астам, яғни қосымша 316 млрд. теңге оның ішінде салықтар бойынша түсім – 274 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,7% - ке , республикалық бюджет шығыстары 98% - ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 94% - ке орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында камералдық бақылаумен шамамен 10 трлн. теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылып, 1 999 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 304 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 284 млрд. теңгеге бұзушылықтарды жойды.
Қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев есепті кезеңде жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру туралы айтып берді.