Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қаржы министрі «Кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–  Қаржы министрі «Кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі «Кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі-жоба) қазіргі таңда Мәжілістің қаралуындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін және республикалық пен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша әзірленді.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №404 бұйрығына бюджеттік процесті жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, жаңа түсімдер кодтары және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 1  қарашада орналастырылған http://legalacts.egov.kz .